Күлімдеген Күн үнсіз – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күлімдеген Күн үнсіз» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 914
Күлімдеген Күн үнсіз,
Дірілдеген Ай үнсіз.
Не боламын тілімсіз,
Тілсіз өмір қайырсыз.
Кім ұғады күн тілін,
Күн ұғады Ай тілін.
“Мен бірінің кілтімін”,
Деп қиын ғой айтуым.
Өтіп таудан, көлдерден,
Өтіп құздан, өзектен.
Үнсіз ұғып жол берген,
Бір-біріне кезекпен.
Үнсіз көндім сынаққа,
Жылап қалсам... күлкімін.
Сылдырлаған бұлаққа,
Берді ме екен Күн тілін?
Жол шегемін арманға,
Қиын кері қайтуым.
Сыбдырлаған орманға,
Үйретті ме Ай тілін
Қалар ма едім ерте өліп,
Көңілім ғой тынымсыз.
Көкжиекке өртеніп,
Батып кетті Күн үнсіз.
Тілсіз тілек қайырсыз,
Мұңсыз сезім сенімсіз.
Аспандағы Ай үнсіз,
Ай астында Сен үнсыз,
Күн астында мен үнсіз...
Көңілсіз...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері