Қос домбыра – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қос домбыра» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2575
Дәулеткерей Құсайыновтың үйінде туған өлең

Адамзат ғұмыр кешпес босқа, сірә,
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа қосқан мұра.
Қалдырған Құрекеңдер аманат қой,
Төріңде иықтасқан қос домбыра.
Қолыңа кезек-кезек аласың да,
Түсесің өз-өзіңмен дара сынға.
Мерейді өктем етіп, төкпелетіп,
Тоқтайсың, жеткендей бір қарасынға.
Күйлерден зар заманның есті лебі,
Бірінен-бірі мұңды естіледі.
Санамды сан тарапқа алып кетіп,
Жалаңаш жүрегімді кескіледі.
Бұл күнде ойлы да көп, елірген де,
Және көп арыған да, семірген де.
Бәрі өтті көз алдымнан тізбектеліп,
Күйіңнің құдіретіне берілгенде.
Төріңе қос домбыра жарасады,
Осылай ұрпақ көші әрі асады.
Өнерің өміріңе болсын өзек,
Құдай да сүйген құлға қарасады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос домбыра өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қос домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері