Ағалыққа “балалық” болады аңыз – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ағалыққа “балалық” болады аңыз» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Ағалыққа “балалық” болады аңыз,
Балалыққа айналып ораламыз.
Қасарысса, нүр жаумай аспан ата,
Қатып қалар еді ғой, “жер-анамыз”...
Туған жердің мұң шағам сүйіп тасын,
Қозғамайын... тауларды ұйықтасын.
Гүл көңлім Күн күлсе, көзін ашып,
Қабақ түйсе, қалады иіп басын.
Қатып қалса, иімей жер анамыз,
Құрсағынан қалай біз жараламыз?
Уақыт уын татумен...
балалықтан –
Даналыққа түбі бір ораламыз.
Аспан ата болғанда, Жер анамыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағалыққа “балалық” болады аңыз өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ағалыққа “балалық” болады аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағалыққа “балалық” болады аңыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ағалыққа “балалық” болады аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері