Ойламап ем болам деп саған ғашық

Бұл бетте «Ойламап ем болам деп саған ғашық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Ойламап ем болам деп саған ғашық,
Бір сөзіңмен кетпесең санамды ашып.
Көңіл құрғыр ұры екен, байқаусызда,
Мөлдіретіп тұндырар жанарға шық.
Өртенумен келемін от үмітпен,
Оңашада ісіме өкініп мен.
Кездескенде, өзіңді көрмеген боп,
Сәлемдеспей өтемін өтіріктен.
Сенсіз көңлім тарылып, тұншығардай,
Сенсіз өмірім өтеді үн шығармай.
Дауыл тұрған теңіздей жан-жүрегім,
Дөңбекшумен болады тынши алмай.
Қайрылмастан барады ұшқыр уақыт,
Уақытпенен жастықтай ұшты бақыт.
Отырмадың оңаша ең болмаса,
Көздеріңнен көзіме ұшқын атып.
Неткен берік,
сезімге төзімді едің,
Күтем сені, сабырсыз көзімде мұң.
Көктем гүлге өткен күн қош айтысқан,
Жастық жырым ең соңғы өзің бе едің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойламап ем болам деп саған ғашық өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ойламап ем болам деп саған ғашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойламап ем болам деп саған ғашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойламап ем болам деп саған ғашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері