Сәкен аға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сәкен аға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Біз үшін ертегідей ғажап атың,
Таңырқап қаншама ақын жаза алатын.
Жарасар қалай айтып мақтансақ та,
Қазақтың бір өзіңдей азаматын.
Уақытты екпінімен дөңгелетіп,
Табиғат қайрат берген кеудеңе тік.
Ұрпаққа жыр боп сенің даусың жетті,
Қаншама тар жол, тайғақ жерден өтіп.
Сезімді сиқырлы саз, жыр-ән қамап,
Кейде бір суретіңе тұрам қарап.
Білінер келбетіңнен кім екенің,
Отты көз, ашық маңдай, қыран қабақ!
Әйгілеп әділетті дауыстадың,
Арманның жақындатып алыс таңын.
Қара өлең сіңген қазақ даласына,
Тыңдаттың Маяковский марштарын.
Жарқылдап өткен өмірің қас қағымда,
Сұңқардай сүрең салып аспанында.
Тәкаппар кеудеңді имей тұрсың қарап,
Өзіңнің қонған биік Асқарыңда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкен аға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сәкен аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкен аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкен аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері