Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 864
Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл әппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем!..
Есіме салшы соны, тылсым уақыт,
Жанымды жай таптырып, сусындатып.
Кеудемнен кішігірім күн шығарып,
Көзімнен шуақ төгіп күлсін бақыт.
Тербетіп толқын сазбен жер кемесін,
Биігім, биіктердің көр төбесін.
Өмірге бір-ақ рет мен еркелеп,
Бір рет өмір маған еркелесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері