Жасыл көктем, барасың сырғып қайда

Бұл бетте «Жасыл көктем, барасың сырғып қайда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Жасыл көктем, барасың сырғып қайда,
Жазық белес мендегі сырды ұқпай ма.
Жасыл аспан бояулы жасыл дүние,
Жастығыма бір қадам жылжытпай ма?
Шыға алмадым алдыңнан жырлар оқып,
Қырларыңнан құшағым гүл дәметіп.
Қуанышым шуақты, қайран көктем,
Жылдам кеп пе ең, барасың жылдам өтіп.
Жасыл көктем, еліме бел баласың,
Көмкеретін дәнменен кең даласын.
Дүниеге келгелі өзім көрген,
Ең бір сұлу көктемім сен боласың.
Уақыт – қанат, жеткізбес ұшқан желді,
Күшейіп кеп әлсіреп құшқан белді.
Туған күнін тойлауға бір перзенттің,
Қаншама рет бұл жаққа құстар келді.
Көктем, кетіп барасың, қоштасалық,
Кәріге мұң әкелдің, жасқа шабыт.
Жер – дүние жаңғырып түлеп жатыр,
Тірлігіңді қайтадан еске салып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл көктем, барасың сырғып қайда өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жасыл көктем, барасың сырғып қайда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл көктем, барасың сырғып қайда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жасыл көктем, барасың сырғып қайда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері