Сексеннің серті

Бұл бетте «Сексеннің серті» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 531
Мазасыз өтті ғасыр тоқсан бeci,
Есімде қайта айналып соқсам нeci?
Есімде ұлтымыздың азандағы,
Аллаға жалбарынған ақ сәлдесі.
Ел сайлап қалаулысын патшалыққа,
Бас шұлғып өмip — кеме жатса Нұққа,
Мұхиттай мұңнан мұрат аршып алдық,
Ceнімнің серпінімен жақсарып та.
Бүгін жас, ертең ipi белді қоғам,
Сен ес деп сенім күшін бердік оған.
Аз шығар демегендер дүйім жұртта,
Сәт сайын оңнан тұрған желді бағам.
Хақ қолдап ұлы Абайды сапардағы,
Қадірмен қай тарапқа апармады,
Eciмi енді қазы қайда көрсең,
Кешегі жалғыз абыз жапандағы.
Қалмасын сарсаң мезгіл сарыны ықта,
Жемге біз жел өтінде жарыдық па?..
Тасырлық таңымыздан тартып-жұлып,
Қылмыспен қырқысам деп арыдық та.
Әлбетте, бip сыбаға арымақ та,
Айтулы атан түйе, арғымаққа,
Ерлерім жасымады жатқанда да
Epiнiн тигізе алмай әркім аққа.
Қайтеміз бұдан әpi тілді безеп,
Онсыз да түбi терең көлді кезеп...
Жөнсізді қан шығармай жәніктіріп,
Жақсыны жалғастырар келді кезек.
Ал, кәне, құшағыңды аш, жылдың, басы!
Тоқсан алты — хақ сүйген құлдың жасы.
Екшеп бер бepepiңдi iрілікке,
Жапырақ — тышқанның да, пілдің де асы.
Бізде де әсем зайып, әкелер көп,
Отырған жыл жақсы ұрпақ әкелер деп.
Ер туғай, жас келінің, қалжасынан,
Жалғанды жарылқайтын Жәкелер жеп!..
Күйдірмей тынымсызды тым ыстыққа,
Баянды өмip сыйла тыныштыққа!
Бет түзет беделді жұрт қатарына
Біздегі тіршілік пен тынысты ұқ та.
Берердей жомарт бекзат бүкіл асын,
Өнерге бұйырт, тәңipiм, ықыласын,
Биылғы мерейтойлар мәртебесін
Көпсініп нойыс қолы нұқымасын.
Жамбылдан басталатын салтанатты
Күткенбіз, күндер өттi — сол таң атты.
Сексенге осы күзде мен де келем,
Кеміпті кетпесе егер шал санатты...
Арасы самолеттің есекпенен
Meнi де көтерді деп есеп берем,
Ел куә, төрт қабырғам жер астында,
Болмай-ақ ер Махамбет, Есет те мен.
Бөтеннен көрмесін деп жұрты қыспақ,
Төгілген жатса қаным бір тыныстап.
Өлмеуге өзім босқа серт беремін,
Жырым мен бір сүбемді жыртық ұстап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексеннің серті өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сексеннің серті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексеннің серті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексеннің серті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері