Келдің бе, Май! – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Келдің бе, Май!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Келдің бе, Май!
Толықсып, гүліңді алып,
Бар әлемге ұлы күн нұрын жағып.
Қол ұстасқан қарашы көшедегі,
Көңілді ғой керемет бүгін халық.
Көкірегіңе бәйшешек тағып келдің,
Жон-арқасын көгертіп алып жердің.
Адамзаттың көзінде бақыт күліп,
Ақындарға ен-тегін шабыт бердің.
Келдің бе, Май!
Аспанды айна ғып бір,
Он екі айды тағы да айналып бір.
Табиғат та тамылжып өзіңе ұқсап,
Дүние тұтас еріген Май болып тұр.
Шуағыңмен кеудені жылтып ақтың,
Күткен тойым келіпті-ау, жыл құрап күн.
Осынау жарқын жүзбен ашық аспан,
Куәсіндей достықтың, ынтымақтың.
Дәл өзіңдей мен дағы жасанамын,
Қуаныштан көзіме жас аламын.
Жер әлем – көгеріп тұр күн көзімен,
Талпынған тұңғышындай жас ананың.
Алыстардың көз жетпес көріп бәрін,
Ағыстардың есітіп ерікті әнін.
Көк төсінде қалқиды көгершіндер,
Көңілдерге туыстық егіп дәнін.
Келер әлі алдымда мерекем көп,
Бәрін күтіп аламын, сен екен деп.
Маужыратып тыңдайын, сырыңды май,
Төріме шық, кәнеки, берекем боп.
Келдің бе, ару Майым, гүліңді алып,
Толықсып жүз құбылып, күлім қағып.
Әсерің-ау бір сенің, көшедегі,
Көңілді ғой ерекше бүгін халық!
Көңілді ғой, ерекше бүгін халық,
Жер үстінде гауһар күн нұрын жағып.
Бақыт жауған секілді әрбір жанға,
Аяңдайды ақырын күлім қағып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келдің бе, Май! өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Келдің бе, Май! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келдің бе, Май! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келдің бе, Май! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері