Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар,
Тірлікте тасбақадай тас-табандар.
Адам ба, қолдарынан келе тұрып,
Басынан жақсылығы аспағандар...
Жасанды зіл-ашумен ас қайнатып,
Қабағы түнереді кештей батып.
Көк болса ол, шөлдеп жатсаң, таңдайыңа
Бір тамшы тамызбастай, тастай қатып.
Тігілсе кейбіреудің туы шыңға,
Танымас өзге түгіл туысын да.
Тарс жұмып, түсірместей боп тұрады,
Күн көзі тұрса егер уысында.
Өсіріп бір басының бақ-таланын,
Салады мансап үшін отқа жанын.
Қолына, біліп тұрып сондайлардың,
Күнімді түсіруден сақтанамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері