Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.
Жоқ тағы көркемдігім көзге ұратын,
Көргеннің көңлін жаулап, азғыратын.
Ешкімнің билігіне ұқсамайтын,
Бар менің өз арманым, өз мұратым.
Тумаса көкірегімнен әппақ айым,
Ешкімнің қызғанбаймын бақ-талайын.
Еріксіз біреу сырттан мақтамаса –
Менменсіп мен өзімді мақтамаймын.
Бір емес, бұл қазақтың бәрі де ақын,
Теңіз кім, айырмайсың – дария кім.
Өлеңнің жолдарына шын талапты
Жүзіне келер бүркеп ар-ұятын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері