Іздер – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Іздер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2725
Бір соқпақтан бір соқпақты іздесем,
Айқыш-ұйқыш заман басқан із кесем.
Сол жолдардың төсінде өскен, құрбыжан,
Өтінемін, бір тал гүлді үзбе сен!
Жолдар, жолдар табан сүйген не түрлі,
Көз алдыма түрлі сурет келтірді.
Тартсам деймін төменнен бір биікке,
Маңдайымнан тамған терден көл тұрды.
Ертеңімнің көріп ізін бүгіннен,
Уақыт қысқа, уақыт қамшы, жүгірем.
Өмір менің сүйеушім де, демеушім,
Сол себептен өмірге мен жүгінем.
Дәуір салған іздің көріп аумағын,
Ыстық тартып, үстіне сан аунадым.
Осы жолдан дүниеге кеш келіп,
Ата-бабам сыбағасын дауладым.
Бола алмаспын бір тірі жан сан үшін,
Менің де бар жарды соғар ағысым.
Асқақтаған арманымның дауысын,
Кім де болса сонадайдан танысын.
Арман, арман асу бермес көп өткел,
Кей жүректі сол арманнан кем еткен.
Жатыр әне, үлкен жолмен жалғасып,
Өткелді өмір сеніменен мен өткен.
Сезінбеймін көңілімнен күз демін,
Әр қабақтан күн арайын іздедім.
Тарсам деймін төменнен бір биікке,
Айқыш-ұйқыш тіршіліктің іздерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздер өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Іздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері