Сұлу емеспін деп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сұлу емеспін деп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Сұлу емеспін деп,
Бекерге шын тәңірге өкпелеппін.
Сұлулармен жүріппін теңескім кеп,
Алалығын сезсем де бетпе-беттің.
Бала шақта,
Жүрегім лапылдап тұрған жанып.
Мініп талай таласып ағаш атқа,
Көбелектей гүл қудық қырдан барып.
Жыр құмармыз,
Жанымыздан бір шумақ тумаса да.
Иемдендік сұлуды сыртынан біз,
Бізді ол сұлу ұнатып тұрмаса да.
Ой кеткенге
Қол жетіп көре алам ба.
Сүю жайлы бүгінгі бой жеткенге,
Мен ақыл бере алам ба?!
Есті сырдың –
От алдым мекенінен,
Сұлу, сұлу деп жүріп кеш түсіндім,
Жастықтың өзі сұлу екенін мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу емеспін деп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сұлу емеспін деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу емеспін деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу емеспін деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері