Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 851
Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған,
Өмірімнің жүрегі онсыз соқпаған.
Сырты көктем, ішіне қыс орнатып,
Адам атын жамылғаннан сақтанам.
Өміріме жүрегімнен от бөлем,
Осы қолмен не керемет өткерем.
Жақсылықты жас жаныма бөлеп ап,
«Жамандыққа менде орын жоқ!» – дер ем.
«Адамға адам бауыр, жолдас, дос,» – дәйім,
Адам үшін жаңа бір сыр бастайын.
Сол адамның саясында көктеген,
Секілдімін,
солқылдаған жас қайың.
* * *
Күн сайын жыртылады,
Сан қағаз шимайланған.
Жаныма бір жыр тұнады,
Бәріне де симай қалған.
* * *
Осынау өмірге тіл қатам,
Тізгіндеп қиялдың бір ұшын.
Жүректі сезіммен жырлатам,
Сол менің байлығым, ырысым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері