Құлан едім – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құлан едім» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2172
Құлан едім құлдыраған далада,
Еркіндікке ерке көңіл қана ма?
Аяғыма тұсау түсер деген ой,
Еш уақытта кірген жоқ-ты санама.
Ойын-тойда өлең оқып, ән бастап,
Өзгелерден мерейім де болды асқақ.
Қыз құйған шай үйіретін таңдайды,
Ішкен кезде жатып алып жамбастап.
Сөйтіп жүріп, «нысанаға іліктім»,
Бірі болдым отау құрған жігіттің.
«Батырыңның» екі көзі төрт болды,
He боларын жүрер дейсің біліп кім.
Қош бол енді, бозбала шақ - бұлалық,
Тілегімнің жүрдің бәрін құп алып.
Тұңғыш ұлым дүниеге келді де,
Мойыныма сарт еткізді бұғалық.
Ал қазір де аяғымды басам жай,
(Бұрынғыдай жалт-жұлт етпей, жасанбай).
Қазығыма тура тартып келемін,
Тулап-тулап, басүйренген асаудай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлан едім өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Құлан едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлан едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлан едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері