Нәресте күлкісі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Нәресте күлкісі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 905
Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,
Тұнық судың бетіндегі иірімдей!..
Жүрегіңе сызып сәуле жол мәңгі,
Мейіріммен мас боларсың осы үнге.
Ол білместен бояманы, жалғанды,
Күледі шын әз ананың төсінде!
Неткен күлкі, неткен ләззат, тәңір-ау,
Нең қалды еріп, балқып жаның қызбаған.
Оның тұңғыш жымиысын ал, мынау,
Бүкіл дүние көздерінен қызғанам!
Шомылдырған рахаттың бағына,
Болса өмірде сол күлкідей пәктілік.
Тұнық су ол иірілген шағында,
Шошытасың, ойнама тас лақтырып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәресте күлкісі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Нәресте күлкісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәресте күлкісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәресте күлкісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері