Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі

Бұл бетте «Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі,
Талпындырған құштар ғып алға мені.
Тіршіліктің сәулелі туын ұстап,
Тау басынан алаулап таң келеді.
Сиреп көктен жұлдыздай дала шамы,
Сайгүліктей арманым таң асады.
Ұйқысынан оянып бар дүние,
Жүрегіне жарықтың таласады.
Таңғы әлемнің басталып бала шағы,
Қауыздарын қызғалдақ сәл ашады.
Қара жерге кешегі түскен дәннің,
Өнер, өнбес, белгісіз болашағы...
Ғашықтық кез, жастықтың дара шағы,
Не кисең де, бойыңа жарасады.
Түні бойы сырласып, үйді-үйіне
Таң атқанда жұлдыздар тарасады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері