Келеді күн, кетеді күн шектелмей – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Келеді күн, кетеді күн шектелмей» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Келеді күн, кетеді күн шектелмей,
Келер күнге кеткен күнім өткелдей.
Туып тағы тербеп жатыр, жер-ана,
Нәрестесін кінәсіз жас көктемдей!
Майысады мың бұралып, тал билеп,
Әз көңілден сан күй кетер, сан күй кеп.
Маужырайды махаббаттар толықсып,
Бар дүние, ар дүние әлдилеп!
Күлімдейді күміс кірпік көкте күн,
Сезімімнің босатып сым шектерін.
Көз ұшында елестеген шаң беріп,
Қайда жүрсің,
Қайран менің көктемім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келеді күн, кетеді күн шектелмей өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Келеді күн, кетеді күн шектелмей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келеді күн, кетеді күн шектелмей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келеді күн, кетеді күн шектелмей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері