Бай болам деп бір демде

Бұл бетте «Бай болам деп бір демде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5610
Бай болам деп бір демде,
омақаспа, қарағым.
Ақыл айтсам мін көрме,
құлақ салсаң, жарадың!
«Ана біреу бозамық, -
деме, - менен артық па?!»
Болмағанмен өзі алып,
ар жағында бар тұтқа:
қайын атаның құрығы,
оны талтаңдатып тұр,
қазынадан бар шығыны,
ақша табар жатып құр.
Баиймын деп он айда,
жанталаспа жұлқынып.
Баю деген – ол – айла,
бойлатпайтын бір тұнық.
Байыр ебін тапса кім,
білсең, байлық шіркін-у:
қалтасынан басқаның
ебін тауып қымқыру.
Ондай ебің жоқ па еді –
пайда іздеме жер-көктен:
байлық-дерттің от-демі,
талайларды мерт еткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бай болам деп бір демде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бай болам деп бір демде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бай болам деп бір демде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бай болам деп бір демде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері