Өлең, жыр, ақындар

Биылғы жыл (пандемия жайлы)

Биылғы жыл сыналатын кезі болды пенденің,
Құны кетіп қолдың кірі ақшаменен теңгенің.
Үйде отырып тазалықты сақтағаның ендігі
Басқалардың қамын ойлап вирусты да жеңгенің.

Биылғы жыл артып қойды үстімізге міндетті.
Тышқан жылы бір болуды, бірігуді үйретті.
Бір атаның баласындай бірлігіміз жарасса,
Сонда ғана жеңе аламыз аты суық індетті.

Биылғы жыл толы болды қайырыммен игі іске.
Бір жағадан бас шығарып көмектесті кедей, кепшік,тегіске.
Мейірімге толы болса жұдырықтай жүректер
Сонда ғана жете аламыз күні жақын жеңіске!

Биылғы жыл сыйлады иба менен иманды,
Жаулаған соң бұл індет Италия мен Иранды.
Қытайыңда өртеп алып мұсылманның қасиетті кітабын,
Басын ұрып сәждеге, жаратқанға иланды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоңыр күз

  • 0
  • 0

Арқалап келді қоңыр күз қарасуығын,
Қойғандай өшіріп тамыз жылуын.
Алтынға еніп түгел айнала
Шығарды аспан ерке қылығын.

Толық

Армысыздар

  • 0
  • 0

Армысыздар!
Ел үшін жанын қиған,
Жерім деп белін буған.
Сонау бес елдің ортасына

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар