Қоңыр күз – Отынбай Аружан Абайқызы

Бұл бетте «Қоңыр күз» атты Отынбай Аружан Абайқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Арқалап келді қоңыр күз қарасуығын,
Қойғандай өшіріп тамыз жылуын.
Алтынға еніп түгел айнала
Шығарды аспан ерке қылығын.

Үзіп алғандай әппақ моншағын,
Ұзақ күткендей көгі бұл шағын,
Барады ұзарып түніп қараңғы
Сөндіріп алғандай аспан шырағын.

Жолымда анау сынық айналар,
Тіршілік мынау қызу қайнаған.
Ағаштан түскен сары жапырақ
Шашылып жатыр тағы айналам.

Өрістен қайтты төрт түлік малы,
Жиналды егіс,бидайы,тары.
Қамданып күзде бүкіл табиғат
Қыстың тосуда ызғар қаһарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері