Өлең, жыр, ақындар

Көгершінім

Доспыз біздер қанша жылдан,
Оған күнде шашамын дəн.
Сипалаймын мойынынан,
Аяғының шашағынан.
Маған əбден сеніп болды,
Жалғыз қалсам, серік болды.
Көгершінім сағынған-ау,
Қасыма, əне, келіп қонды.
Зияны жоқ оның жанға,
Ол ереді соңымнан да.
Жолымнан да тосып алып,
Дəн жейді кеп қолымнан да.
Тоңбасын ол жауындарда,
Аман қалсын дауылдарда!
Терезеден еніп қонды ол
Кеудеме мен ауырғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жомарттық

  • 0
  • 0

Жерге жарық шашатын
Ол ұқсайды Күнге де.
Көңіл кірін ашатын
Ол ұқсайды гүлге де.

Толық

Адамдықтың диқаншысы

  • 0
  • 0

Ахмет асқан дарын еді,
Талантын сол танып елі,
«Ол – елінің болашағы,
Ол – елінің бағы!», – деді.

Толық

Мектебінен қашқандар мен ертегіден қашқандар туралы ертегі

  • 0
  • 0

Дос болған адам адамға,
Осынау ғажап заманда,
Қай жерде, қашан екені
Белгісіз саған, маған да.

Толық