Армысыздар – Отынбай Аружан Абайқызы

Бұл бетте «Армысыздар» атты Отынбай Аружан Абайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Армысыздар!
Ел үшін жанын қиған,
Жерім деп белін буған.
Сонау бес елдің ортасына
Іле Алатауымен қоса сыйған.
Пейілі даласындай дархан, рухы биік, айбыны жер көктен асатын- Батыр баба ұрпақтары!

Армысыздар!
Қағаз,қаламын серік еткен,
Ілім білімін берік еткен.
Жаралғандай елі үшін ұстаз болып,
Көзін ашқан кітаптай кереметтер.
Әлемді біліммен жарық қылған,
Елін кітапқа қарық қылған-Саналы баба ұрпақтары!

Армысыздар!
Өнер десе өлеңдете жөнелетін,
Елінің ықыласына бөленетін,
Домбыра,қобыз,сырнай,жетігені беу десе ән мен күйге кенелетін.
Саусағынан өнері тамған,
Тілі тұз бен балдан,
Сегіз қырлы, бір сырлы-Өнер қуған бабамның ұрпақтары!

Армысыздар,есен-аман саумысыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армысыздар өлеңінің авторы кім?

Отынбай Аружан Абайқызы — осы өлеңнің авторы.

Армысыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армысыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Отынбай Аружан Абайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армысыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері