Соқшы, самал

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1290
Соқшы, самал, дірілдетіп, сыбдырлатып
жапырағын ағаштың,
Көгілдір көк жүзіндегі ақша бұлттар
әрі ассын.
Соқшы, соқшы, толқысын бір
судың беті жәйғана,
Соқшы, соқшы, меңірейіп
тыншымасын айнала.
Соқшы, самал, ормандағы
жапырақтан шық аунасын,
Түйдектелген қара бұлттар
жасын төгіп жаумасын.
Соқшы, соқшы, қызыл гүлдер
шаршағанша билесін,
Оятшы сен, ұйқыдағы адамның жан дүниесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқшы, самал өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Соқшы, самал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Соқшы, самал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқшы, самал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері