Мерейлі мекен – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Мерейлі мекен» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3068
Басыма ойлар келіп ала-құла,
Жүргенде жыр ілікпей қаламыма.
«Қарағым, аунап-қунап қайтсаңшы» деп,
Болады шақырғандай дала мына.
Жалғанда табынарым тұрақтылық,
Жүремін ауыл жаққа құлақ, түріп.
Сағынсам, қайдасың деп тартып кетем,
Достардың машинасын сұрап мініп.
Алтынмен аптағандай өңірді дәл,
Сап-сары егінжайға көңіл құлар.
«Тамырың бізше сенің берік пе?» деп,
Тұрады сынай қарап тобылғылар.
Шалынды көзге үйлер еңістегі,
Барлығы ұмтылғандай көріскелі.
Балалар топ-топ болып бара жатыр,
Малдарды қарсылауға еңістегі.
Кезім бұл жолдарыма гүл егілген,
(Бәсімді бір кісідей білемін мен).
Барлығын емірене сүйіп келем,
Ешкімді жатсынбайтын жүрегіммен.
Ауылым, мені әлдилеп тербетіп ең,
Бұла боп құшағыңда ержетіп ем.
Шаңытып көшелерің жатсадағы,
Табылмас сендей мекен жер бетінен..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерейлі мекен өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Мерейлі мекен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерейлі мекен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерейлі мекен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері