Өкініш – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Өкініш» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3555
Еркін өскен ұланы едім даланың,
Қалаға кеп, біртүрлі боп барамын.
Кінәламан, кінәламан ешкімді,
Өз мінімді өз бойымнан табамын.
Біреулерге көрінем деп жақсыатты,
Бұлдырлау ғып алдым білем мақсатты.
Тірлігіме ырза болмай келемін,
Содан болар, жүйкем шаршап, бас қатты.
Тосылмайтын жерлерде сан тосылдым,
Қосылмайтын адамдарға қосылдым.
Ауырлатып келем әлі күнәмді,
Кемшілігін бетіне айтпай досымның.
Темір құрсау салып қойып сезімге,
Жылағанды жұбатпадым кезінде.
Саналының құлағына жетпей жүр,
Айтылатын жерде айтылмай сөзім де.
Босқа өткізген күндер үшін асыл кіл,
Бұл кездері ұшым менің қашып жүр.
Көңілдегі күдігімді көбейтіп,
Жыл артынан бара жатыр асып жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Өкініш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері