Самат Сапарұлы елуге толғанда – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Самат Сапарұлы елуге толғанда» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2372
Бұл өмірдің көктемі бар, жазы бар,
Содан кейін күз бен қысы тағы бар.
Елу деген жаз бен күздің ортасы,
Тал бойыңнан сан қазына табылар...
Бір қарасам, немерең бар - атасың,
Соны ойнатып, мол қызыққа батасың.
Бір қарасам, жас жігіттей жалаңдап,
Оңға-солға кетіп бара жатасың.
Азаматтың таусылмасын сапары,
Сиремесін достарының қатары.
Қайда жүрсің «сотовыйға» тыным жоқ,
Ойдан-қырдан Саматты іздеп жатады.
Арқаңда бар ауыр салмак, - бүгілме,
Еткен еңбек еленеді түбінде.
Бәрі саған қарап отыр - байқасаң,
Бір әулеттің үлкенісің бүгінде.
Қай кезде де жиын-тойға дайынсың,
Күншілдердің төбесінен жай ұрсын!
Ұл-қызыңның өрісті боп өмірі,
Бәйтеректей жапырағың жайылсын.
He болсшыз елуінде ерінсек,
Кәрілікке осы бастан берілсек.
Біз үшін сен сол бозбала Саматсың,
Қарашаш та әлі жап-жас келіншек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самат Сапарұлы елуге толғанда өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Самат Сапарұлы елуге толғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самат Сапарұлы елуге толғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самат Сапарұлы елуге толғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері