Серт – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Серт» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2298
Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».
Бақытымды мансабыммен өлшемен,
Болды маған, қысылғанда ел берсе дем.
Берерімді сарқып беріп, ей, өмір,
Аларымды алып тынам мен сенен.
Қаншама жыл, қаншама жыл бұйықтым,
Қаншама жыл көңілде арман ұйыттым,
Сел сияқты бір алапат бұла күш
Кеудеме осы әрең-әрең сыйып тұр.
Ашайыншы бу қазанның қақпағын,
Шағайыншы оқ-дәрінің шақпағын.
Шабыт - тұлпар, сыналатын кез келді,
Мен өзіңді қаншама жыл баптадым.
Көзімін сол көпті көрген көненің,
Айтарымды айтпай, неге өлемін.
Сарарқа мен Жетісуға жетсінші,
Жайық бойын жағалаған өлеңім.
Ой - өзенім, ашылды арна тасып қал,
Тез жетеді барар жерге - асыққан.
Құба жонға қиқу салып шықтым мен,
Алдыма арқан кере алмайды пасықтар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серт өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Серт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері