Сотым болып – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сотым болып» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2039
Көп қылығым көңліме жақпауы шын,
Бұрқ-сарқ қайнап ызадан жатты-ау ішім.
Шалыс басқан қадамнан сабақ алам,
Шылығына өмірдің батпау үшін.
Жалған айтып бұл жерде керегі не?
Өттім қанша тағдырдың «елегінен».
Жақсы-жаман бір жүрген бұл жалғанда,
Мазасыздау күн кешіп келемін мен.
Қорғасындай балқиды ойым дәйім,
Бірде қасқыр, ал бірде қойыңдаймын.
Күнде қырық құбылған мінезім бар,
Басымды ал, мұнымды мойындаймын.
Жетпіс деген қазір мен белеңге өттім,
Жазғаныммен елімді елеңдеттім.
Сыншы болып өзіме, байқасаңдар,
Өлең арнап, өзімді төмендеттім.
Кеш ашылған бір гүлдің бүршігі едім,
Бітпейтіндей ешқашан жыршы демім.
Мінім болса, күтпеймін аяушылық,
Ей, достарым, сотым боп жүрші менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сотым болып өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Сотым болып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сотым болып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сотым болып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері