Тасқалама – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тасқалама» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4339
Туған жер, теңдесі жоқ дара бағым,
Сенде өткен күндерімді санамадым.
Есігін жүрегімнің айқара ашып,
Армансыз ой-қырыңды араладым.
Сапарым сағынышсыз бастала ма?
(Мен мұны ұқпаппын жаста ғана).
Келмесем, қапаланып қала ма деп,
Aт басын жиі бұрам Тасқалаға.
Жер емес, баратұғын ара қонып,
Жатпайды ешкім мені дара көріп.
Тербеткен бесігімді әжелер бар,
Сондықтан кетем кейде бала болып...
Демеймін жұртты ауызға қаратайын,
Тырысам, көрінуге қарапайым.
Тасқалам, қолтығымнан демеп жібер,
Сүрініп кетер болсам, жазатайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасқалама өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тасқалама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасқалама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасқалама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері