Тебірену – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тебірену» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2513
Өмір қызық үміті, арманымен,
Жетелеуден тынбайды алға кілең.
Жігіттіктің семсерін жарға сүйеп,
Қырқылжың жас қырық кеп қалған білем.
Екі сөздің біреуі баяғыда,
Өткен жылдар ұқсайды жай оғына.
Бірте-бірте осылай түсер ме екен,
Кәріліктің тұсауы аяғыма?
Жас кезде де көргем жоқ желігіп тым,
Алыс қондым аулынан серіліктің.
Бойыма шақ жүгімді иыққа артып,
Бір мақсаттың жолына беріліппін.
Бұл өмірдің өрі бар, еңісі бар,
Ер жігітті қашан да елі сынар.
Әлдекімдей бәлденген жан емеспін,
О бастан-ақ ойының өрісі тap.
Армандаман шықсам деп дара шыңға,
Көппен бірге жетермін қарасынға.
Себебі мен туғаннан келем өсіп,
Қарапайым адамдар арасында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тебірену өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тебірену өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тебірену өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тебірену өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері