Терең мен тайыз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Терең мен тайыз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2596
Біреулер жүр байлығына мақтанып,
Өз-өзінен жарылуға шақ қалып.
Бұл тірліктің құпиясын білсек те,
Kейде айтады бар шындықты ақтарып.
Белгілі боп тұрсадағы өзі әлі,
Ойы төмен биікке қол созады.
Қойторымен жарыспайды сәйгүлік,
Жалғыз шауып, тұғыр сосын «озады».
Желкеніне жел үрлесе ескі леп,
Таңданбаймыз тәйтік қалай өсті деп.
«Бедел» жинап жүргендерден сақтасын,
Асын ішкен дастарханын кескілеп.
Ойландырмай ұят, намыс, ар жайлы,
Жалған тірлік құр кеудені алдайды.
Терең жандар қалаулысы халқының,
Ал тайыздар ел есінде қалмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терең мен тайыз өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Терең мен тайыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терең мен тайыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терең мен тайыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері