Туған шаңырақ – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Туған шаңырақ» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3075
Қамауынан «қашып шығып» қаланың,
Кең құшағын аңсап келдім даланың.
Басқа жерде отырғанмен бас мүжіп,
Бұл ауылға әрқашан да баламын.
Өз жайына қашады да «ірілік»,
Елпеңдеймін, екі жеңді түрініп.
Әңгіме айтса аңыз кеуде аталар,
Отырамын сөздерінен сыр ұғып.
Мейлі, олар қымыз һәм, қалғысын,
Асу бермес сияқтанар қарлы шың.
Ұшыашарға оқып беріп жаңа жыр,
Мен олардың алып жүрмін алғысын.
Ақын болып, астана асып кет мейлі,
Сағынасың өзің өскен беткейді.
Қаншама сен «өсіп» кеттім десең де,
Туған шаңырақ аласалық етпейді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған шаңырақ өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Туған шаңырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған шаңырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған шаңырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері