Тура келем – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тура келем» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2323
Тура келем, оңға-солға бұрылмай,
Әз әзілдің «қақпанына» ұрынбай.
Еске аламын бұлдыр бала кезімді,
Енесінен ерте айырған құлындай.
Өтті-кетті ол күндерден жоқ белгі,
(Тез солады қызғалдақтар көктемгі).
Сезінбедім әке алақан жылуын,
Қайтем енді - қатал тағдыр көп көрді.
Көңілдегі мұңды ақылмен аршыдым,
Жалғаны бұл айтқаным - бар шыным.
Көген түп боп қалған ұрпақ біз мына,
Көлгірсіген құрбыларға қарсымын!
Өмірімнің көбі кетіп, қалды азы,
Белгілі ғой, белгілі ғой аржағы.
Қымбатымнан қалып тұрмын көз жазып,
Қу тірліктің көлбеңдейді арзаны.
Caп, caп, көңілім, сабаңатүс, тежелгін,
(Бұл халімді сырт көздерден сезер кім?..)
Жылдар жүгі еңсемді езіп тұрса да,
Қара нардай қайыспаспын, төзермін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тура келем өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тура келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тура келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тура келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері