Ұлтты ұйытшы! – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ұлтты ұйытшы!» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1987
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының төрт жылдығына арнаймын

Өршіл өлкем өнерлілер мекені,
Ақын, әнші, күйші - бәрі жетеді.
Ұлтты ұйытар театрға зәру боп,
Жүрген күндер түседі еске кешегі.
Бір мақсатты мың сан жүрек енші қып,
Келтірдік-ау күндерді де кеңшілік.
Шымылдығын ашқанда өнер отауы,
Жыладық біз - көрмей мұны ерсілік.
Жел өтінде соғылған бұл қорғандай,
Бір олқымыз болды сонда толғандай.
Ойдан-қырдан ағылды ғой қандастар,
Шын шаттанса, ел мерейі мол қандай!
Қилы-қилы қиындықпен тіресіп,
Өнердегі орыны үшін күресіп.
Келе жатыр, келе жатыр жас отау,
Ұлы өмірдің керуеніне ілесіп.
Көрерменнің көңілін табу - алақы,
Кейде биік асуларды алады.
Ал кей кезде жүрген ізін шиырлап,
Бір орында тұрыңқырап қалады.
Өткен төрт жыл сәби жасы десек тe,
Өнерде бұл алынбайды есепке.
Шығу керек жанашырдық ойынан,
Ойыныңа айтпау керек дос өкпе.
Әртіс-тұлға, қолдаушысы көрермен,
Бірге болсақ көсегеміз көгерген.
Намыс отын жүректерде жандырып,
Ұлтты ұйытшы өрісі кең өнермен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлтты ұйытшы! өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ұлтты ұйытшы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлтты ұйытшы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлтты ұйытшы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері