Ұстазыма – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 28483
Шәкірт едім кеудем толы күш-жалын,
Алға тартқан арман жолын нұсқадың.
Кете бардым жүрегіңнен от алып,
Келдідағы бір өзіңе ұқсағым.
Ойша ұзатып өткен жылдар тізбегін,
Еске аламын май шуақ пен күз желін.
Қайырған бір, шаттанған бір шағымда,
Мен өзіңді, тек өзіңді іздедім.
Өмір жолы қалтарыс та бұралаң,
Сүрінсем де, кездерім жоқ құлаған.
Самайыңа қосқан бір тал ақ шашты,
Бір шәкіртің еңбек етіп, жүр аман.
Өзіңменен қалған сәтте кезігіп,
Есейгенім болады екен тез ұмыт.
Әр сөзіме есеп беріп тұрамын,
Балалығым қалатындай сезіліп.


Пікірлер (1)

Рамазан

Маган оте катты унады осы олен аркылы 1 орын алдым

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстазыма өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ұстазыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстазыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстазыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар