Аппақ қар, жасыл шыршалар
- 0
- 0
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.
Бұл бетте «My heart’s in the Highlands . Robert Burns Менің жүрегім биік шыңдарда. Роберт Бернес аударма» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.
Қар жауып тұр қалада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай."-
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай.
Сыңайы бар жер мен көк кінәласқан.
Ызаланған баладай жылады аспан.
Мыңқ етпейді шынардың діңгектері
Жасыл барқыт сияқты қына басқан.
Ой келеді жауған кезде жаңа қар,
Жаның қалай тебіренбей қала алар?
Соққан боран, жауған қарға қарамай,
Салады адам жаңа-жаңа қалалар.
Ғашықтардың тіл ұшында не тұрар?
Тіл ұшында сүйгенінің аты бар.
Бір кездегі махаббатым түсті еске,
Сені көріп, қирап жатқан Отырар!
Бәрі жақсы болса деппін мен баста,
Жанымды ашып жалбақтаппын жолдасқа.
Бәрі жақсы болса деумен шаршаппын,
Бәлкім, енді бәрі жақсы болмас та.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі