Аппақ қар, жасыл шыршалар – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Аппақ қар, жасыл шыршалар» атты Күләш Ахметова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5485
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.
Шырша сатып алғандар оны құптар,
Жатыр жермен жаңадан жолығып қар.
Жаңа жылдың аязды ауасында
Таңнан бері тап-таза сонылық бар!
Қыз-келіншек жайдары, ерке кілең,
Есіңді алар алмадай көркем рең.
Аппақ карға оранып асқақ қала
Шыға келген сияқты ертегіден.
Осы жылы дән болсын қалың қар көп,
Осы жылы ашылсын дарындар көп.
Біз сенейік біреулер өткен жылғы
Уәдесін осы жыл орындар деп.
Шын тілесе, дауыл да толас табар,
Шын тілейік жас отау жарасқан әр
Жыл қызығын сезінсін, сәбилер мен
Көшелерде көбейсін коляскалар.
Бояулардың ашылып бұлыңғыры,
Шуақ төксін аспанның шырын нұры.
Адамға адам бұл жылы өкпелеспей,
Жақсы көрсін, сағынсын бірін-бірі.
Ой, қиялға осылай берілемін,
Әсем екен қарасам, төңірегім.
Аппақ қардың ішінде ақ үмітпен
Жаңа бақыт күтеді менің елім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аппақ қар, жасыл шыршалар өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Аппақ қар, жасыл шыршалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аппақ қар, жасыл шыршалар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аппақ қар, жасыл шыршалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері