Қилы жолға салдың-ау өмірімді – Рахым Бақберген

Бұл бетте «Қилы жолға салдың-ау өмірімді» атты Рахым Бақберген жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.12.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Қилы жолға салдың-ау өмірімді,
Сенсіз өткен күнімнің көбі мұңлы.
Жас жүрегім алаулап ғашықпын мен
Ал сен суытқың келеді көңілімді.

Ойламайтын шығарсың мына мені,
Арнасам да қаншама жыр әдемі.
Мен – ғашықпын, жаным-ау, ал сен болсаң
Түсінгің де келмейді-ау сірә мені.

Сен дегенде жат етіп жақынымды,
Сен дегенде сарп етіп ақылымды.
Мен сені жарық нұрға балап келем,
Ал сен кімге балайсың ақыныңды?

Қамшыдай қысқа ғана өмірімде,
Жаным, сенің бөлек қой жөнің мүлде.
Саған қарай бір қадам жақындасам,
Сен алыстап барасың көңілімде.

Білмеймін тірімін бе, өлімін бе?
Бұл дерттің уы қайда, емі кімде?
Өмірдің әр сәтінде сені ойласам,
Көзге ілмейсің ал сен қыз мені мүлде.

Алтынға, бриллиантқа балап сені,
Жүрген мына өмірде мен-ақ па едім?!
Сенен өзге бар адам түсінеді,
Түсінбей-ақ қойдың-ау сен-ақ мені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қилы жолға салдың-ау өмірімді өлеңінің авторы кім?

Рахым Бақберген — осы өлеңнің авторы.

Қилы жолға салдың-ау өмірімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қилы жолға салдың-ау өмірімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Рахым Бақберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қилы жолға салдың-ау өмірімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері