Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.12.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым,
Сірә осылай сені ойлап-ақ өз-өзімді қажармын.
Құдайым да мені әдейі жолықтырған шығар-ау,
Мен болмасам, өзің жайлы өлең етіп жазар кім?

Сенің күлкің – күн күлкісі, жарық еткен әлемді,
Бүткіл әлем сенен алар барлық шипа, бар емді.
Сенің нұрың жұмыр жерге шашар әр кез шуағын
Әлемдегі адамдарда қандай арман бар енді?!

Сенің шашың қара түнгі жұлдыздардың сәулесі,
Тырнағыңа тати қоймас аспан мен жер дәулеті.
Сенің ғажап сымбатыңа шақ келмейді, сымбаттым,
Әлемдегі ең керемет мүсіншінің сәулеті.

Сенің көзің тұңғиығы мөлдір сулы Байкалдың,
Тереңінде жатқан сырды тек мен ғана байқармын.
Шуақ шашқан сол көзіңді көрген кезде, ардақтым,
Ұмыт болар көңілдегі айтар қайғы, айтар мұң.

Әр кірпігің бір-бір алтын, бұрын ешкім таппаған,
Әрбір тісің бір-бір маржан, су түбінде сақтаған.
Сенің ернің еттен емес, қаннан да емес құрамы,
Ғаламдағы ең тәтті зат бұрын ешкім татпаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым өлеңінің авторы кім?

Рахым Бақберген — осы өлеңнің авторы.

Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Рахым Бақберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйегіме бу енеді сені ойласам, ажарлым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері