Еркекті қатын бақпасын – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Еркекті қатын бақпасын» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзінің жаққан ошағын,
Медет қып, әйел сақтасын.
Тәңірдің қосқан қосағын,
Бақытқа балап, жақтасын.
Тұлпардың әбзел тоқымын,
Еншілеп есек жатпасын,
Ері тұрып, әйелдің -
Билеуінен сақтасын.
Көнсек те, өмір өртіне -
Еркекті қатын бақпасын...

Көлденең келген кесір - мұң,
Жанына ердің батпасын.
Білместің күйін кешіргін,
Жігітті - ісі, ақтасын.
Сүрінбей сыннан өтетін,
Ардағын ана мақтасын.
Бұйырған кетпес, дегенмен -
Еркекті қатын бақпасын...

Қырағы мінез қыранның,
Қанатын дауыл қақпасын.
Өресі биік ұланның,
Мұқтаждық жолын жаппасын.
Тұғырлы болсын азамат!
Еріңмен жұмақ бақтасың.
Біреуге жақсын, жақпасын,
Елдің күні - ерімен,
Еркекті қатын бақпасын...

#жүректегіжазбалар_АлтынайАлиева
#жүректегіжазбалар
26.09.2021ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркекті қатын бақпасын өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Еркекті қатын бақпасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркекті қатын бақпасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркекті қатын бақпасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері