Бұл бетте «Кімнен қорықты?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үшiншi класта оқитын – Нұрлан,
Екiншi класта оқитын – Құрман,
Бiрiншi класта оқитын – Нұрман,
Балабақшаға баратын – Құрбан,
Жəне де бiр қыз далада тұрған...
Дүркiреп бəрi қашып келедi,
Азар да безер, сасып келедi.
Қорқып жүргендерi – құйттай күшiк!
Қашып жүр бəрi жүректерi ұшып!
Құйттай күшiктiң алдына түсiп!
Болады екен-ау, мұндай да қызық,
Балалар едi шетiнен бұзық.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі