Өлең, жыр, ақындар

Жыр аға

Мұқағалиға арнау

Жырыңызға көз ашқалы қанықпын,
Бір туар ақынысыз халықтың.
Қайта келіп қазағымды тербетші,
Қуыс кеуде, ойсыздардан жалықтым.

Мысы құрып даңғойлардың бір күнде,
Аспанға ұшар еді-ау бөркімде.
Алайда, амал қайсы жыр аға?
Əмір жүрмес уақыт деген шіркінге.

Өнеріңіз ұрпақ үшін дара шың,
Алатаумен тапқан əркез жарасым.
Жырларыңыз жүректерді жібітіп,
Жалғайды сезімдердің арасын.

Менде өзіңдей қара өлеңді сүйгенмін,
Жабыққанда жыр жазатын күйге ендім.
Сіз арқылы ғашық болып өмірге,
Табиғатты аялауды үйрендім.

Балауса үміт жүрек түбін қонақтай,
Жетістікке ұмтыламыз көп аттай.
Күш береді жанымызға біздердің,
Қайыспайтын мінезіңіз болаттай.

Енді менде биіктерге қонамын,
Берілмеймін, жер-жаһанды шоламын.
Жырларыңды жиі оқысам жыр аға-ау,
Бір өзіңмен сырласқандай боламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен

  • 0
  • 0

Сен маған бағалысың!
Сен менің арымның ажарысың!
Сені ойлап өртеніп барады ішім!
Өмірімнің мәнісің, базарысың.

Толық

Элегия

  • 0
  • 1

Көктемнің кеші еді,
Ақ жаңбыр төгілген.
Самал жел еседі,
Саялы өңірден.

Толық

Ажал

  • 0
  • 0

Қорқамын ажалдан, өлімнен,
Бір кешірім күтемін көгімнен.
Емеспін өлімге мен дайын,
Оны ойлап ұйқы да бөлінген.

Толық

Қарап көріңіз