Сыйға да бал

Бұл бетте «Сыйға да бал» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 948
«Сыйға да бал, сыраға – бал, балға – бал...
Сені еске алсам, тәтті ойлардан бал тамар.
Бал арадай байыз тапқан гүлзарда
Құштар көңіл құшағыңда жай табар».
Деген сәлем жолдап едім кептерден,
Жыртып алып жарты парақ дәптерден
Дегем және сәлемімді айта бар,
Қайта-қайта қайталап «айта бар, айта бар!»...
Сыйға да бал, сыраға – бал, балға – бал...
Не берсең де өзің таңда, таңдап ал,
У ұсынсаң – уға да бал, бал, бал, бал
Дегем, өшкен жалғанар, жалғанар...
Жүз кеселдің бірі – у, оның да емі балда бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыйға да бал өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Сыйға да бал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыйға да бал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыйға да бал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері