Қайран қариялар

Бұл бетте «Қайран қариялар» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 3414
Ұлы Отан соғысының Жыланды ауылындағы қаһармандарына

Дархандығы айнымаған дария
Бар тірлігі аймағына жария
Күнде көрсең, дәл кешегі қалпында
Келе жатар түйе мінген қария.
Әзілқой жан, төңірегін мәз қылған,
Келген көшіп, десетін-ді, Азғырдан.
Түйе мінбей жүрер еді-ау, қаласа
Қол-аяқ кем – тағдыр солай жазғырған.
Әлдеқалай бас қосқанда құрдастар
Жөткерініп әңгіме айтса біреуі...
...Сонау жылғы соғыс езген еңсе көп,
Бас шайқалып, иық біткен теңселеді.
Өткен күнін есіне алып кемсеңдеп,
Тілсіз бірі шетте отырар елпеңдеп,
Қолсыз жеңі оралымсыз селтеңдеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран қариялар өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Қайран қариялар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран қариялар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран қариялар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері