Бұл бетте «Шаршадым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаршадым
Шабыт көп азаптап.
Бақыт жоқ, мазақ қап.
Сен сағым
Соңынан кеткенсің.
Солайша бақытсыз еткенсің.
Шөлдедім
Бекеттің бал суын ішкім кеп,
Басыма сағыныш көшкін кеп,
Өлмедім
Алайда.
Түсініп келер деп қалайда.
Таңертең
Мұңымды маңдайдан өшірем.
Кел, ертең
Бәрін де кешірем.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі