Неге ұлиды

Бұл бетте «Неге ұлиды» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Бөрі дейді, қасқыр дейді, жыртқыш дейді,
Жан-жақтан күстәналап түрткіштейді.
Жаратқан бір тағының түрін солай
жаратса, жүре берсін жыртқыш мейлі!
Жортады түз тағысы жөніменен,
Санасып кім көріпті оныменен.
Нәпақасы кезіксе жортқан жолда,
Жемтігі жолыққаны сорыменен.
Ит-құстан адам ерек көрінер ед...
Соғып ап, мақтанбаса тоныменен.
Бір тағыны бір тағы ұрып алар
Озбырлық жәйлі таласпа, меніменен!
Әр мықты түп-түбінде бір құриды,
Қу мүрде топырақта бір шіриді,
Мықты болса, көкбөрі айға қарап...
Жаныңды түршіктіріп неге ұлиды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге ұлиды өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Неге ұлиды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге ұлиды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге ұлиды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері