Ойын туралы ой

Бұл бетте «Ойын туралы ой» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1050
«Қақпақыл» деген ойын бар,
сенбесеңдер қойыңдар.
Қақпақылдың білмеймін,
аты қалай қойылған.
Емес, сірә есею – тойғандықтан ойынға
Ойынқұмар басымыз, болып алды ойқұмар...
Кірмей қоймас тегінде, дені сауға ес-ақыл
Көріп жүрміз алайда, тым ересек адамдар
Ойнағанын қақпақыл.
Тәсіл бөлек, ойын да бала кездей тұтанбас.
Қақпақылға жарап тұр
мендігі жоқ кеуде мен ойдан ада жұтаң бас.
Ойсыз басқа, шынында
ойнамаса не қалды?
Ойнауды ерсі көрмей-ақ,
ойыншыққа айналды.
Тегін емес, әрине – ақыға ойнар үлкендер,
Еркің сенде, өзің біл – сынасаң да күлсең де:
...Бала-шаға, қарттар бар...
қарын қамы, білгенге...
Үлкендердің ойыны –
шаң жұтпайтын «таза ойын».
Жүгірмейді далаңдап,
аунамайды алаңда,
Ұпайға емес, бірақ та
Мәз болады «ойыннан»
жүргеніне аман қап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойын туралы ой өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Ойын туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойын туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойын туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері