Тоғыз ай тоғыз күн – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Тоғыз ай тоғыз күн» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2101
Тоғыз қабат тұрғын үй бой көтерді түстіктен,
(Тоғыз айлық іс біткен).
Жеті балдық күшпенен сілкіп көріп сынады,
Уа, алақай, алақай,
Төтеп берді,
шыдады.
Сыннан өту болды оңай,
Тек зілзала болмағай.

Тоғыз ай, тоғыз күн дегенде,
Толғақ толып кемелге –
Кіндік жібін саумалап
Періштелер қаумалап
Шыр-шыр етіп, шыр етіп,
Түсті, түсті, сәби түсті – еденге...
Құдай жолын оңдағай,
Тек тоғыз балл болмағай.

***

Жер көгерді.
Мен қашан көгеремін,
Көгермей ішімде өлді көп өлеңім.
Қарақұмның семіртіп сексеуілін,
Қара нөсер жаудырсам деген едім.
Сыңсыған нуға айналып төңірегім,
Гүлдерді тозаңдатса көбелегім,
Араларым мұртына бал жалатып,
Масаларым мертіксе қанға батып.
Ойлағаным болса осы не дер едім,
Ауырмай, сырқамай-ақ өлер едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоғыз ай тоғыз күн өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Тоғыз ай тоғыз күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоғыз ай тоғыз күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоғыз ай тоғыз күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері