Ширығу – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Ширығу» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 778
Белінен қайырамын белдескеннің,
Бетке ұстар әдісім аз, дербес менің.
Желпініп жерге түспей жүргенімді
Көп көрер,
Менің кейбір «жерлестерім»..
Алда да анықталар анық бағам,
Қашан да қарсы емес халық маған.
Кемедей кеңге жүзер кезім еді
Жаңқадай су бетінде ағып барам.
Шашпаймын, халқым саған топырақты,
Өзіңсің қара орманым жапырақты.
Саған емес, сайтанға сеніп келген
Кеше гөр мына мендей ақымақты.
Тасадан көрмеуші едім тас атқанды,
Әйтеуір жаны соның жасап қалды...
Асыл досым осы деп адасыппын
Асымды ішіп, аяқты босатқанды...
Несіне запы болып зар етемін,
Ұғамын ұлы асудан нар өтерін.
Жарайды біліп алдым жар астында
Жатып алар жантықтың бар екенін.
Түскен жоқ,
Түспейді әлі бәсім менің,
Кеудемнің қоймасында асыл кенім.
Халық атын жамылған арамзаның
Аяғынан құртамын тәсілдерін.
Өмірге келген жоқпын жан бағуға,
Антым бар адам құсап арлануға,
Қақым бар қорғауға да, қорғануға.
Ешкімнің ілінбеймін шарбағына,
Ешкімнің ілінбеймін қармағына.
Сыйынып ата-баба аруағына
Түбі бір келтіремін алдарыңа ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ширығу өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Ширығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ширығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ширығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері